Технология саласындағы миллиардерлер биыл рекордтық байлыққа қол жеткізді

Жарияланды 6 Қазан 2026 12:50

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Прятал 350 тысяч долларов в багаже: КНБ раскрыл детали крупного задержания на КПП "Кордай"
Әлемдік байлардың көбі АҚШ-та тұрады /kursiv.media архиві

Технология саласындағы 100 миллиардердің жиынтық байлығы 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 845 млрд долларға өскен, деп хабарлайды Kursiv.media.  

2026 жыл әлемдегі технологиялық миллиардерлер үшін ерекше жыл болған. Оған  жасанды интеллектінің қарқынды дамуы және технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы әсер еткен.

Қазір технология саласындағы миллиардерлердің жиынтық байлығы 4,6 трлн долларға бағаланады. Бұл Bloomberg индексіне енген барлық байдың жалпы байлығының 36%-ын құрайды.

Ал технология саласынан тыс байлық жинаған байлардың жиынтық капиталы осы кезеңде 62 млрд долларға азайған. Индекстегі таза өсімнің 94%-ы америкалық миллиардерлерге тиесілі.

Әлемдегі ең бай 10 адамның барлығы АҚШ азаматы. Bloomberg миллиардерлерді бақылай бастаған 2012 жылдан бері мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.

Әлемдегі ең бай адам Илон Маск биыл қыркүйек айының соңына дейін байлығын 310 млрд долларға арттырған.

Әлемдегі ең бай 10 адамның тоғызы өз байлығын америкалық технологиялық компаниялар арқылы жинаған.

Dell Technologies компаниясының негізін қалаушы Майкл Деллдің байлығы 81%-ға өсіп, 254 млрд долларға жетті. Бұған компанияның деректер орталықтарына арналған бизнесінің өсуі ықпал еткен.

Ал Meta Platforms акциялары қыркүйекте 27%-ға қымбаттаған. Соның нәтижесінде Марк Цукербергтің байлығы биыл 3 млрд долларға өсті. Bloomberg мәліметінше, бұл компания акцияларының соңғы төрт жылға жуық уақыттағы ең үздік айлық көрсеткіші болған. Бұған жаңа Muse жеке AI-ассистентінің іске қосылуы әсер еткен.

Сонымен қатар Bloomberg дерегінше, әлемдегі ең бай 500 адамның жиынтық байлығы маусымның ортасында 13,4 трлн долларға жетіп, рекорд орнатқан.

Содан бері нарықтың жалпы баяулауына және жасанды интеллект саласындағы ірі компанияларға қатысты күмәннің күшеюіне байланысты бұл көрсеткіш 6%-ға төмендеп, 12,6 трлн долларға түскен.

Кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Масктің байлығы қайтадан 1 триллион доллардан асқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз