Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі бахурды қалай таңдау керек екенін айтты

Жарияланды 6 Қазан 2026 16:12

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы бахурды қалай таңдау керек екенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.   

Бахур – мұсылман мәдениетінде бөлмелерді, киім мен шашты хош иістендіру үшін қолданылатын дәстүрлі шығыс хош иісті қоспасы.

«Көп қыздар «Бахур» туралы сұрап жатыр. Иіскемей, білмей, көрмей жатып, тапсырыс бере салатын дүние емес. Ертең: «Сен айтқан соң, алдық. Иісі жаман екен» деп ренжіп жүрмеңіздер. Интернет-дүкендерде қара домалақ көмірлері бар шығар. Бірақ бұл әтірді иіскеп, таңдап алу керек», – деді Айман Талғатқызы.

Өйткені, оның айтуынша, әтірдің түрі көп. Мұсылманша әтірлер Қытайда да шығарылады. Оларға түрлі нәрсе қосылған. Иістері сасық болуы мүмкін. Үйден жағымсыз иіс шығып, басыңды ауыртуы ықтимал.  

Айман Талғатқызының айтуынша, мешіттің астындағы дүкендер, мұсылман тауарлары сатылатын жерлерде немесе бахурды арнайы сататын жерлерден алу керек.

«Әл-Харам мешітінің ішіндегі иіс керек екенін айтыңыз. Сонда сатушылар бірден ұсынады. Болмаса, ақшаңызды текке кетіп, лақтырып жіберетін болсаңыздар, менің пайдам емес, зияным тиетін болады», – деді Айман Талғатқызы.

Мұның алдында Айман Талғатқызы Астана қаласында картоп өсіріп, жинап алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз