Доллар арзандады: 7 қазандағы ресми бағам белгілі болды

Жарияланды 6 Қазан 2026 16:24

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
доллар бағамы анықталды / фото: Kursiv Media

7 қазанда АҚШ долларының ресми бағамы 453,65 теңге болады, деп хабарлайды Kursiv Media.

6 қазанда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-дағы жағдай бойынша USDKZT_TOM жұбының орташа өлшенген бағамы 453,65 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 1,33 теңгеге төмен.

Осылайша, теңге долларға қатысты қайта нығайды. Ұлттық банк ережесіне сәйкес, KASE-де сағат 15:30-да қалыптасқан USDKZT_TOM бағамы келесі жұмыс күні ресми курс ретінде белгіленеді.

Бұған дейінгі сауда күні доллар бағамы 454,98 теңге болған.

Тағы да оқыңыз →
2026 жылдың соңында доллар қайта қымбаттай ма: сарапшылар болжамы қандай
Сондай-ақ оқыңыз