Қазақстанда 9 айда балаларға ең көп қойылған есімдер қандай (инфографика)

Жарияланды 9 Қазан 2026 10:51

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Ең көп қойылған есімдер қандай / фото: Kursiv Media

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда қыз балаларға ең жиі қойылған есім – Айлин, ал ұлдар арасында Алан болды. Kursiv.Media 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындай ең көп қойылған есімдерді топтастырды.

Айлин есімі 3 299 қыз балаға қойылған. Екінші орында Асылым – 2 919, үшінші орында Медина – 2 117. Қыздар арасында Томирис, Аяла, Айша, Сафия және Мариям есімдері де алғашқы ондыққа енді.

Қазақстандағы ең танымал 30 қыз есімі

2026 · 9 ай
01
АЙЛИН
3 299
02
АСЫЛЫМ
2 919
03
МЕДИНА
2 117
04
ТОМИРИС
2 089
05
АЯЛА
1 675
06
АЙША
1 671
07
САФИЯ
1 546
08
МАРИЯМ
1 466
09
АЙЫМ
1 451
10
ЗЕРЕ
1 378
11
АДИЯ
1 362
12
ХАДИЯ
1 222
13
КӨЗАЙЫМ
1 111
14
РАЯНА
1 104
15
АМИНА
1 079
16
АСМИРА
905
17
АЙАРУ
903
18
ЯСМИНА
901
19
СЕЗІМ
869
20
АЙДАЙ
819
21
ӘДЕМІ
807
22
АЙЗЕРЕ
801
23
АЙКӨРКЕМ
799
24
ХАДИША
795
25
ЯСИНА
777
26
АЙСАФИ
761
27
КӘУСАР
734
28
БЕГІМАЙ
697
29
АИША
662
30
МӘРИЯМ
654
Дерек: 2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары

Ұлдар арасында Алан есімі 1 990 балаға қойылған. Одан кейін Алихан есімін иленген 1 459 бала бар. Хамза деген есімді балалар – 1 431. Алдияр, Мұхаммед, Айсұлтан, Альтаир, Омар және Амир де ең танымал есімдердің қатарында.

Қыздар рейтингінде Айлин мен Асылымның көрсеткіші өзгелерден айқын жоғары. Ал ұлдар арасында бірінші орын алған Аланның нәтижесі екінші орындағы Алиханнан 531-ге көп.

Рейтингте бір есімнің әртүрлі жазылу нұсқалары да жеке есептелген. Мысалы, қыздар арасында Айша мен Аиша, Мариям мен Мәриям бөлек көрсетілген. Ұлдар тізімінде Мұхаммед пен Мухаммад та жеке есепке алынған.

Қазақстандағы ең танымал 30 ұл есімі

2026 · 9 ай
01
АЛАН
1 990
02
АЛИХАН
1 459
03
ХАМЗА
1 431
04
АЛДИЯР
1 400
05
МҰХАММЕД
1 369
06
АЙСҰЛТАН
1 360
07
АЛЬТАИР
1 323
08
ОМАР
1 313
09
АМИР
1 275
10
МУХАММАД
1 245
11
ЗЕЙІН
1 079
12
ӘЛЕМ
1 042
13
АЙБАР
1 032
14
АЛИ
1 021
15
АЛИНҰР
861
16
АРЛАН
860
17
АРСЕН
747
18
ӘМІР
746
19
НҰРИСЛАМ
741
20
ИМРАН
706
21
ДІНМҰХАММЕД
690
22
ДАРЫН
668
23
РАМАЗАН
650
24
АСАД
646
25
ӘМІРЕ
637
26
ИСЛАМ
634
27
МАНСҰР
633
28
ХАҚНАЗАР
630
29
МИРАС
628
30
МУСЛИМ
625
Дерек: 2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары

Жалпы, тоғыз айдағы дерекке қарағанда, қыздарға қойылатын ең танымал есімдер арасында дәстүрлі және заманауи нұсқалар қатар кездеседі. Ұлдар арасында да қазақы есімдермен бірге араб тілінен енген есімдер жоғары сұраныста қалып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз