
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда қыз балаларға ең жиі қойылған есім – Айлин, ал ұлдар арасында Алан болды. Kursiv.Media 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындай ең көп қойылған есімдерді топтастырды.
Айлин есімі 3 299 қыз балаға қойылған. Екінші орында Асылым – 2 919, үшінші орында Медина – 2 117. Қыздар арасында Томирис, Аяла, Айша, Сафия және Мариям есімдері де алғашқы ондыққа енді.
Қазақстандағы ең танымал 30 қыз есімі
2026 · 9 айҰлдар арасында Алан есімі 1 990 балаға қойылған. Одан кейін Алихан есімін иленген 1 459 бала бар. Хамза деген есімді балалар – 1 431. Алдияр, Мұхаммед, Айсұлтан, Альтаир, Омар және Амир де ең танымал есімдердің қатарында.
Қыздар рейтингінде Айлин мен Асылымның көрсеткіші өзгелерден айқын жоғары. Ал ұлдар арасында бірінші орын алған Аланның нәтижесі екінші орындағы Алиханнан 531-ге көп.
Рейтингте бір есімнің әртүрлі жазылу нұсқалары да жеке есептелген. Мысалы, қыздар арасында Айша мен Аиша, Мариям мен Мәриям бөлек көрсетілген. Ұлдар тізімінде Мұхаммед пен Мухаммад та жеке есепке алынған.
Қазақстандағы ең танымал 30 ұл есімі
2026 · 9 айЖалпы, тоғыз айдағы дерекке қарағанда, қыздарға қойылатын ең танымал есімдер арасында дәстүрлі және заманауи нұсқалар қатар кездеседі. Ұлдар арасында да қазақы есімдермен бірге араб тілінен енген есімдер жоғары сұраныста қалып отыр.