
Kursiv.Media 5-11 қазан аралығындағы нарық пен экономикада болған басты оқиғаларды жинады. Апта ішінде теңге айтарлықтай құбылып, соңында доллар 453,96 теңгемен жабылды. Мұнай қымбаттап, Bitcoin арзандады, ал KASE индексі аптаны төмендеумен аяқтады.
Экономикада Қазақстан облигацияларының J.P. Morgan индексіне ену мүмкіндігі, теңгеге байланған стейблкоин жобасы, базалық мөлшерлемеге қатысты жаңа болжам және Ұлттық қордың түсімдері назарда болды. Сонымен бірге Қазақстанның ағымдағы шоты үш жылдан кейін алғаш рет профицитке шықты. Аптаның негізгі жаңалықтары төменде жинақталды.
НАРЫҚТАҒЫ БІР АПТА
Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығының апталық өзгерісі
KASE акциялары
5 қазан жабылуы → 9 қазан жабылуы
АПТАНЫҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ
Қазақстан J.P. Morgan индексіне жақындай түсті
Қазақстанның мемлекеттік облигациялары GBI-EM индексіне қосылу үшін оң бақылау тізіміне енді.
ОҚЫҢЫЗТеңгеге байланған стейблкоин шығуы мүмкін
Tether, Ұлттық банк және Алатау қаласы теңгелік стейблкоин жобасын зерттеуге келісті.
ОҚЫҢЫЗБазалық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін түсуі мүмкін
Қаржыгерлердің басым бөлігі Ұлттық банк мөлшерлемені біртіндеп төмендетеді деп күтеді.
ОҚЫҢЫЗМұнай секторынан 3,17 трлн теңге түсті
Ұлттық қорға сегіз айда түскен мұнай салығы былтырғыдан 15,7% артты.
ОҚЫҢЫЗҚазақстанның ағымдағы шоты профицитке шықты
Үш жылдық тапшылықтан кейін бірінші жартыжылдықта 2,4 млрд доллар профицит қалыптасты.
ОҚЫҢЫЗАлматы республикаға 600,9 млрд теңге береді
2027 жылғы жоспар 2023 жылы бекітілген көлемнен шамамен 2,9 есе жоғары.
ОҚЫҢЫЗKEGOC бір акцияға 81,25 теңге төлейді
Компания бірінші жартыжылдық үшін акционерлерге 22,4 млрд теңге бөлмек.
ОҚЫҢЫЗБанк ЦентрКредит акцияларын кері сатып алмақ
4,135 млн акция толық сатып алынса, мәміле көлемі шамамен 18,2 млрд теңгеге жетеді.
ОҚЫҢЫЗCPC Blend бағасы 118 долларға жетті
Қазақстан үшін маңызды экспорттық мұнай сорты апта ішінде жоғары деңгейде қалды.
ОҚЫҢЫЗҚазақстан Италияға $9 млрд тауар экспорттады
Қаңтар–шілдеде екі ел арасындағы тауар айналымы 9,79 млрд долларға жетті.
ОҚЫҢЫЗ