
Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтай отырысында Құрылтай отырысында алдағы үш жылда ел бюджеті қайда және қанша жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бүгінгі Құрылтай отырысында Такиев депутаттарға «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды.
«Министр 2027 жылғы бюджеттің үш басты көрсеткішін атады: ел қазынасына 25,4 триллион теңге түседі, ал жұмсалатын қаржы 30,2 триллион теңгені құрайды. Түскен ақшадан жұмсалатын шығын көп болғандықтан, 4,6 триллион теңге жетпейді (бұл – ел экономикасының 2,3%-ы). Дегенмен, мемлекеттің өз бетінше табатын табысы артып келеді. 2029 жылға қарай ол 23,4 триллион теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар ол 2027 жылы адами капиталға 10,5 трлн теңге немесе жалпы бюджеттің 35%-ы қарастырылғанын баса айтты.
«2027 жылы әлеуметтік көмек және қамтамасыз ету шығыстары 6,9 трлн теңгені құрайды. Денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және медициналық сақтандыруға бағытталады», – деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Білім беру және ғылымды дамытуға 897 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Тағы бір маңызды бағыт – өңірлерді қолдау. Бұл мақсатқа 7,4 трлн теңге немесе жалпы бюджет көлемінің 24,8%-ын (инфрақұрылымды дамыту, қолайлы жағдайлар жасау) бағыттау көзделген.
Ал қауіпсіздік және мемлекеттік басқару саласына – 4,9 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр.