
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті тиісті тіркеусіз жүргізген жеке тұлғаларға 15 АЕК айыппұл салынады. Ал бұл құқық бұзу бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе өсіп, 30 АЕК-ге жетеді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабына сәйкес, егер әрекетте қылмыстық құқық бұзу белгілері болмаса, тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
2026 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгеге тең. Осыған сәйкес, алғаш рет құқық бұзған жеке тұлғаға 15 АЕК, яғни 64 875 теңге айыппұл салынады. Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзу қайталанса, айыппұл 30 АЕК-ке дейін ұлғайып, 129 750 теңгені құрайды.
Егер азамат өз қызметінде тұрақты түрде жұмысшылар жалдаса, ол автоматты түрде кәсіпкерлік қызмет жүргізуші болып саналады. Мұндай жағдайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандарға салынатын айыппұл құқық бұзушылықтың қайталануына байланысты белгіленеді.
Тағы да оқыңыз: QR-төлем мен цифрлық теңге қызметтері қосылған құн салығынан босатылуы мүмкін