Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айын Қатарда өткізіп жатыр

Жарияланды 19 Қазан 2026 11:36

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: instagram.com/dariga_badykova, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жаңа шаңырақ көтерген Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айын Қатарда өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бал айы үшін жас жұбайлар Доха қаласындағы Ritz-Carlton қонақүйін таңдаған.

Дариға Бадықова өзінің парақшасында қонақүйдің мейрамханасын бейнежазбаға түсіріп, «Бізде бал айы» деп жазба қалдырды.

Актриса шетелге сапары алдында төлқұжаттары мен әуе билеттерінің фотосын жарияған болатын.

Таяуда Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын жасады. Олжас Абайдың айтуынша, тойдың алдында бойдақтықпен қоштасу рәсімін жасай алмаған, оның орнына «Мальчишник vs Девичник: Соңғы түн» фильміне келген.

Осы тұста бөпелерінің қырқынан шыққаны да белгілі болды. Актриса махаббат хикаясы қалай өрбігені туралы баяндап берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз