
Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова Алматыдағы концертінде Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісовамен кездесті, деп хабарлайды Kursiv LifeStyle.
Концерт барысында екі елдің танымал әншілері жүздесіп, жылы лебіздерін білдірді. Кездесуде Юлдуз Усманова Мақпал Жүнісованың шығармашылығына қызығушылық танытып, оның әндерін орындағысы келетінін айтты.
Айта кетейік, Юлдуз Усманова – Өзбекстанның танымал әншілерінің бірі. Ол қазақ тыңдармандарына да кеңінен танымал.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова Тұрар Ыдырыспен бірге ән айтқан еді.