
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген мүлде жаңа әндер кіретін альбомын шығаратынын жария етті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оның айтуынша, альбомның қашан жарыққа шығатыны әлі нақтылауды талап етеді. Десе де, оның тең жарымы бұрын естімеген әндер болмақ.
«Сіздерден сүйінші сұрағым келіп отыр. Қараша айында жоспарымды жарияламақпын. Нақты күнін кейінірек айтармын. Дәл бүгін мүлде жаңа альбом шығатынын айта аламын. Сіздер тыңдаған концерт толық альбом емес. Альбомдағы шығармалардың жартысы концертте естімеген мүлде жаңа болады», – деді Димаш Құдайберген.
Айта кететін жайт, халық әртісі Димаш 21 қазанда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, жанкүйерлеріне ешкім күтпеген жаңалықты бөлісетінін айтқан еді.