
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды. Мұндай шешім Үстел теннисі федерациясының кезектен тыс конференциясында қабылданған.
«Бұл шешім Астанада өтетін ITTF World Table Tennis Championships Finals 2027 әлем чемпионатына дайындық барысында қабылданды», – деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Федерацияның жаңа басшысы елде үстел теннисін жүйелі түрде одан әрі дамыту, спортшылардың сапалы дайындығына қажетті жағдай жасауға басымдық береді.
Бұған дейін Астанада үстел теннисінен WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup халықаралық турнирі өтті. Ал 2027 жылы өтетін дода Орталық Азия үшін тарихи оқиға болмақ. Бұған дейін өңірде үстел теннисінен мұндай ауқымдағы жарыс өтпеген. Болжам бойынша Астанадағы Әлем чемпионатына 1 250-ге жуық ресми қатысушы келеді.