Қайрат Боранбаев «Алтын доп» табыстау рәсіміне қатысты (видео)

Жарияланды 27 Қазан 2026 10:13

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Kursiv.media архиві

Қазақстандық кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Лондондағы «Алтын доп» табыстау рәсіміне қатысты. 

Смотреть в Threads

2022 жылдың наурызында Қайрат Боранбаев істі болып, 2023 жылы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім апелляция сатысында қаралғаннан кейін жаза мерзімі 6 жыл болып өзгерді. Бір айдан кейін Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Қайрат Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Осылайша жазаның өтелмеген бөлігін Боранбаев пробациялық бақылауда жүріп өтейтін болды.

Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, пробациялық бақылаудағы азаматтың шетелге шығуы жазаны өтеу тәртібін бұзу болып саналады. KursivMedia ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне Боранбаевтың жаза мерзіміне қатысты сұрақ жолдады. Комитет материал жарияланғанға дейін кәсіпкердің жаза мерзімі аяқталып-аяқталмағанына қатысты ресми ақпарат бермеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы «Алтын допты» «Бавария» футбол клубының шабуылшысы Гарри Кейн алды.

Сондай-ақ оқыңыз