Теңге долларға қатысты әлсіреді: Астана мен Алматыдағы айырбас бағамдары

Жарияланды 28 Қазан 2026 17:10

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: Kursiv Media

Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 қазанда АҚШ долларының ресми бағамы 455,63 теңге болып белгіленді. Алдыңғы күні доллар 451,05 теңге болған. Осылайша, бір тәулікте америкалық валюта 4,58 теңгеге қымбаттап, теңге долларға қатысты әлсіреді.

Астана мен Алматыда доллар қанша тұрады?

28 қазан күнінің бірінші жартысындағы мәлімет бойынша, Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 452 теңгеден сатып алып, 459 теңгеден сатқан.

Ал Алматыда долларды сатып алудың орташа бағамы 455,20 теңге, сату бағамы 457,70 теңге болған. Демек, осы уақыттағы орташа көрсеткіш бойынша Алматыда доллар сатып алу Астанаға қарағанда 1,30 теңгеге арзан болған.

Сондай-ақ оқыңыз