Доллар 453 теңгеге дейін арзандады

Жарияланды 29 Қазан 2026 17:10

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

29 қазанда теңге АҚШ долларына қатысты нығайды. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысында доллар бойынша орташа өлшенген бағам қалыптасқан жоқ. Сауда жабылған сәтте ең жақсы сұраныс бағасы 453,25 теңге, ал ең жақсы ұсыныс 453,75 теңге болды.

Бір күн бұрын, 28 қазанда сағат 15:30-да USD/KZT бойынша орташа өлшенген бағам 457,09 теңгені құраған. Яғни нарықтағы баға бір күн ішінде шамамен 3 теңгеден астам төмендеді.

Теңге неге нығайып жатыр?

Соңғы күндері теңгеге Ұлттық қордан валюта сату көлемінің ұлғаюы туралы күтулер қолдау көрсетіп отыр. Бұған дейін Freedom Broker сарапшылары әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге бөлу жоспары валюта нарығындағы доллар ұсынысын арттыруы мүмкін екенін айтқан.

Олардың есебінше, қаражат төрт айға тең бөлінсе, ай сайын шамамен $800 млн көлемінде қосымша валюта сатылуы ықтимал. Бұл Ұлттық банктің соңғы айлардағы шамамен $200 млн көлеміндегі тұрақты сатылымымен бірге ай сайынғы доллар ұсынысын $1 млрд маңына жеткізуі мүмкін.

Мұндай жағдай қысқа мерзімде доллардың қымбаттауын тежеп, теңгеге қолдау көрсетуі ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыз