Freedom Broker: доллардың өсімін Ұлттық қордан валюта сатылымы тежеуі мүмкін

Жарияланды 29 Қазан 2026 14:09

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: Kursiv Media

Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың екі айында Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алу жоспарланып отыр. Freedom Broker сарапшыларының бағалауынша, бұл жаңалықтан кейін де доллар бағамы 456 теңгеден жоғары көтерілмеген.

Компания есептеуінше, алдағы төрт айда әр ай сайын Ұлттық қордан шамамен 800 млн доллар сатылуы мүмкін. Бұл қаражат а Ұлттық қор трансферттері аясындағы ай сайынғы валюта сатылымдарынан бөлек болуы ықтимал.

Freedom Broker соңғы бес айда Ұлттық банк ай сайын шамамен 200 млн доллар сатып отырғанын атап өтеді. Осы көлем сақталса, ақпан айындағы белсенді салық кезеңіне дейін нарықта ай сайын шамамен 1 млрд доллар сатылуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай ірі көлемдегі валюта ұсынысы доллар бағамының өсуін тежейтін қосымша фактор болуы ықтимал.

Айда кетейік, серсенбі күні Президент өз жолдауында төрт айда әлеуметтік жобалар үшін Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге қарастыруды тапсырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз