
Қазақстандық киберспортшы Данил «molodoy» Голубенко өнер көрсететін FURIA командасы PGL Masters Bucharest 2026 турнирінің финалына шықты.
Жартылай финалда FURIA MOUZ командасын 2:1 есебімен жеңді. Матч үш картаға созылды: Dust2-де FURIA 13:6 есебімен басым түсті, Mirage-де MOUZ 13:9 есебімен жеңді, ал шешуші Cache картасында бразилиялық команда 13:9 есебімен жеңісті жұлып алды.
Кездесуде Қазақстан өкілі molodoy команданың ең нәтижелі ойыншысы болды. Ол үш картада 56 қарсыласын жойып, 37 рет қаза тапты. HLTV бағалауында оның рейтингі 1,34 болды. Сондай-ақ жанкүйерлердің 86,7%-ы оны матчтың үздік ойыншысы деп таныды.
Жеңістен кейін Голубенко MOUZ-ға қарсы ойнау әрқашан қиын екенін, қарсыластың құрылымы мықты екенін айтты.
Финалда FURIA Nemiga командасымен кездеседі. Шешуші матч 31 қазанда өтеді.