
Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінде қазақстандық дзюдошылар өзара кездесу өткізді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қола жүлде үшін тартыста Талғат Орынбасар Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтен басым түсті, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Осылайша, Талғат Орынбасар жарыстың қола жүлдегері атанса, Елдос Сметов бесінші орынмен шектелді.
Турнир барысында Елдос Сметов ширек финалда әзірбайжандық Балабей Агаевқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде украиналық Артем Лесюкті жеңген болатын. Ал Талғат Орынбасар жартылай финалға дейін жетіп, тәжікстандық Лоик Кудбудиновке жол берген еді.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда тәжікстандық Искандар Махмадхожазодаға жол берді. Жұбаныш белдесуінде де әзербайжандық Рашад Елькиевтен жеңіліп, турнирдегі жарысын аяқтады.