«Семей» «Барселонадан» жеңіліп қалды

Жарияланды 29 Қазан 2026 23:09

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
В атаке казахстанец Биржан Оразов
«Семей» «Барселонадан» жеңіліп қалды / Фото: «Семей» ФК

Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші турда қазақстандық «Семей» клубы испаниялық «Барселонаға» 1:6 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Словакияның Лученец қаласында өтіп жатқан турнирде Семей ұжымы алғашқы турда алаң иелерін 6:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Алайда каталониялық клубқа қарсы ойында тек Дедезиньо соққан жалғыз голмен шектелді. Матч барысында семейліктер сапынан Педриньо алаңнан қуылды.

Турнирлік кесте (2-турдан кейін):

  1. «Барса» – 6 ұпай (12:2)
  2. «Семей» – 3 ұпай (7:6)
  3. «Минерва» – 1 ұпай (1:6)
  4. «Лученец» – 1 ұпай (0:6)

Серджи Альтисент шәкірттері топтық кезеңнің шешуші, соңғы турында швейцариялық «Минервамен» кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз