Таңғы шолу: экономикадағы маңызды жаңалықтар

Жарияланды 5 Қараша 2026 07:03

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Kursiv.Media өткен күннің нарықтағы басты өзгерістері мен экономикадағы маңызды жаңалықтарын бір жерге жинады.

Қазақстан экономикасына қатысты жаңалықтардың ішінде мемлекеттік қарыз бен зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер назар аудартты. Үкімет Азия даму банкінен 3,4 млрд юань немесе 227,4 млрд теңге қарыз алмақ. Қаржы 15 жылға, жылдық 1,6% мөлшерлемемен беріледі. Ал зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсырған азаматтар енді инвестициялық тәуекел деңгейіне қарай үш стратегияның бірін таңдай алады.

НАРЫҚТАР

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы

СОҢҒЫ ЖАБЫЛУ 4 ҚАРАША 2026
USD / KZT
452,72 ₸
▼ 0,43 ₸ KASE · TOM
АЛТЫН
≈ $4 047
▲ ≈3% XAU/USD
BRENT
≈ $94,62
▼ ≈8,7% баррель
BITCOIN
≈ $78 205
▲ 1,83% BTC/USD
KASE ИНДЕКСІ
7 916,49
▲ 0,32% Қазақстан
S&P 500
7 688,62
▲ 1,58% АҚШ
NASDAQ
25 736,51
▲ 1,44% Composite

Қор нарығы

KASE акциялары · 4 қараша
KZAP Қазатомөнеркәсіп
28 980,00 ₸
+2,8%
KCEL Kcell
3 166,05 ₸
+0,5%
KSPI Kaspi.kz
42 288,08 ₸
+0,5%
KZTO ҚазТрансОйл
1 383,59 ₸
+0,3%
AIRA Air Astana
684,00 ₸
−0,2%
HSBK Halyk Bank
371,60 ₸
−0,2%
KMGZ ҚазМұнайГаз
35 975,02 ₸
−0,2%
KEGC Кегок
1 458,10 ₸
−0,3%
CCBN Банк ЦентрКредит
5 425,59 ₸
−0,6%
KZTK Қазақтелеком
45 549,07 ₸
−0,6%

СӘРСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономика, қаржы және бизнес
4 ҚАРАША 2026
01
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ

Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады

227,4 млрд теңгеге тең қарыз 15 жылға жылдық 1,6% мөлшерлемемен беріліп, инфрақұрылым мен басқа басым бағыттарға жұмсалмақ.

ОҚЫҢЫЗ
02
ОБЛИГАЦИЯ

«Бәйтерек» еурооблигация көлемін $5 млрд-қа жеткізді

Ұлттық холдинг халықаралық капитал нарығынан қаржы тарту бағдарламасының көлемін ұлғайтты.

ОҚЫҢЫЗ
03
МҰНАЙ

Қазақстан 2027 жылы 99 млн тонна мұнай өндірмек

Энергетика министрлігі келесі жылғы мұнай өндірісін 99 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр, ал биылғы жоспар 96 млн тоннаға төмендетілген.

ОҚЫҢЫЗ
04
ЗЕЙНЕТАҚЫ

Зейнетақы жинағын басқарудың үш стратегиясы енгізілді

Салымшылар енді жеке басқарушылар арқылы консервативті, қалыпты және тәуекелі жоғары инвестициялық стратегиялардың бірін таңдай алады.

ОҚЫҢЫЗ
05
ЭНЕРГЕТИКА

Алматыдағы ЖЭО-3 құрылысы тағы кешігеді

Энергетика министрлігінің мәліметінше, станцияны жаңғырту жұмыстары 2027 жылдың соңына қарай ғана толық аяқталуы мүмкін.

ОҚЫҢЫЗ
06
АЭС

Мойынқұмдағы екінші АЭС-ті Қытай компаниясы салуы мүмкін

Қазақстан екінші атом электр станциясын салу мәселесін Қытайдың CNNC корпорациясымен талқылап жатыр.

ОҚЫҢЫЗ
07
БИЗНЕС

Ірі сауда орталықтарының иелері қанша табыс тапты

Kursiv Media MEGA, Dostyk Plaza және Esentai Mall сауда орталықтарының иелері мен олардың қаржылық нәтижелерін салыстырды.

ОҚЫҢЫЗ
08
ЖАЛАҚЫ

Ветеринарлардың жалақысына 27 млрд теңге бөлінбек

Ветеринария саласындағы жаңа заң жобасын іске асыру үшін бюджеттен жыл сайын шамамен 27 млрд теңге бөлу ұсынылды.

ОҚЫҢЫЗ
09
АҚЫЗ-ТҮЛІК

Азық-түлік бағасын өсіретін делдалдарға шектеу қойылды

Азық-түлік нарығында бағаны негізсіз көтеретін делдалдық тетіктерді шектеу шаралары қабылданды.

ОҚЫҢЫЗ
10
ТҰРҒЫН ҮЙ

Салынып жатқан үйден пәтер алудың талаптары күшейді

Үлестік құрылысқа қатысу үшін шарттың тіркелуі, тиісті кепілдік немесе рұқсат және қолма-қол ақшасыз төлем талап етіледі.

ОҚЫҢЫЗ

Энергетика саласында да маңызды жаңалықтар болды. Қазақстан 2027 жылы 99 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Алматыдағы үшінші жылу электр орталығын жаңғырту 2027 жылдың соңына дейін созылуы мүмкін. Сонымен бірге Мойынқұмдағы екінші АЭС құрылысын Қытайдың CNNC корпорациясымен бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланып жатыр

Сондай-ақ оқыңыз