
Нұрлан имам – Нұрлан Байжігітұлынан қазақстандық бір әйел күйеуін қалай Брэд Питт етіп көруге болатынын сұрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Дін қызметкері бұл сұраққа тосылмады. Күйеуіне тірек бола білсе, қадірлесе, алынбайтын қамал болмайтынын тұспалдап жеткізді.
«Күйеуіңді Брэд Питт қылып көру үшін жан-жаққа алаңдамау керек. Бүкіл назарыңды күйеуіңе қойсаң, ол Брэд Питттен де озып кетеді. Қасқырдың ең мықтысын арлан деп атайды. Арланнан сұрапты: «Сен қай таудың арланысың?» деп. Сонда арлан: «Қасымда енем туған жан болса (яғни әйелім болса дегені), онда таулардың бәрі менікі» деген екен. Күйеуің Брэд Питт болуы үшін сен Брэд Питттің қатыны болуың керек. Анджелина Джоулиден кем болмауың қажет», – деді Нұрлан Имам.
Мұның алдында Нұрлан Имам жаңғақ ағашын кесердің алдында құран түсірудің қажеті жоқ екенін айтқан еді.