«Концертті бірден тоқтатамын»: Алматыда Меладзенің концертінде әйелдер шу шығарды

Жарияланды 5 Қараша 2026 11:22

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Алматыда Меладзенің концертінде әйелдер шу шығарды/ видеодан скрин

Алматыда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концертінде жанжал шықты. Концерттің алдыңғы қатарында тұрған бірнеше әйел бір-бірін итеріп, арты жанжалға ұласқан, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиғаға байланысты әнші өнер көрсетуін уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Әнші шу шығарғандарға үндеу жасады. 

«Неге бір-біріңізді итересіздер? Егер біреулер біреуді итеріп, жұлқыласа, бірден концертті тоқтатамын», – деді Валерий Меладзе. 

Әлеуметтік желіде тараған жазбада концертке келген көрермендердің бірі жанжалға қатысқан әйел артқы қатардан келіп, алдыңғы орында тұрған қыздарды итеріп, тіпті ұрғанын жазған. 

Оның айтуынша, қыздар алғашқы қатардан орын алу үшін концертке төрт сағат бұрын келіп, кезек күткен. Әлеуметтік желіде көпшілік концерт кезіндегі мұндай әрекетті орынсыз деп бағалап, қатысушылардың мәдениетсіздігін сынға алды.

«Ұят болды. Қазақ десек, өзімізге тиеді.  Ақыры күзет қызметкерлері барлығын залдан шығарып жіберді. Меладзенің өзі де болған жағдайға қатты таңғалды», – деп жазған куәгерлер. 

Смотреть в Threads
Сондай-ақ оқыңыз