Дариға құтқарып қалды: Олжас Абай өмірінің қиын кезеңдері туралы айтты

Жарияланды 5 Қараша 2026 22:17

(жаңартылды 6 Қараша 2026 09:29)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Олжас Абай өмірінің қиын кезеңдері туралы айтты / Фото: Ләйлә Сұлтанқызының парақшасынан

Актер әрі продюсер Олжас Абай өмірінің қиын кезеңінде өзін құтқарып қалған адамдардың бірі де бірегейі қазіргі жары Дариға Бадықова болғанын айтты, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өз өміріндегі қиын кезеңдерде кімнің құтқарып қалғанын айтып берді.

«Сен рұқсат бермейінше, сені құтқара алмайды. Ақ жалауды көтермейінше, сені отқа да сала береді, аяғы бітпейді. Аяғы өліммен бітетін дүниелер ғой көбісі. Уақыты келіп, межесіне жеткенде ақ жалауды көтересің. Бірінші Құдайдан сұрайсың. Одан кейін себеп болған қасымдағы адамдар десем болады. Оның бірі емес бірегейі Дариға десем болады», – деп атап өтті актер.

Өнер иесі сұхбатында отбасымен қарым-қатынасы, өнер жолы, халықтың жағымды және жағымсыз пікірі, өзінің қазіргі жұмысы жайлы да сөз етті.

Айта кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтеріп, дүркіретіп үйлену тойларын жасағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз