Ақан Сатаев жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсті

Жарияланды 6 Қараша 2026 11:16

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/akansatayev, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Танымал режиссер Ақан Сатаев жүрегі сыр беріп, Атырау қаласындағы кардио орталыққа түсті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл туралы режиссер жеке парақшасында жазды.

«Қазір мен Атырау қаласындағы кардио орталықта жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы – жақын арада бұл центрден шығып, «Қан мен серт» фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!» – деп жазды Ақан Сатаев.  

Режиссер кардиология орталығының барлық дәрігеріне, қызметкеріне және басшылығына жоғары кәсібилігі және науқастарға деген ерекше қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтты.

Айта кететін жайт, Ақан Сатаев Маңғыстау облысында Төремұрат батырдың өмірі мен ерлігі туралы «Қан мен Серт» атты тарихи фильмін түсіріп жатыр. Фильмнің кейбір көріністері табиғат аясында, тарихи орындарда түсіріледі. Бұл фильмге Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актер Дінмұхамед Ахимов пен Болат Әбділманов та қатысып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз