
Ұлттық банк шамамен 60 миллиард долларды АҚШ активтерінде ұстап отыр. Бұл туралы Тимур Сүлейменов Вашингтонда өткен Қазақстан–АҚШ іскерлік дөңгелек үстелінде мәлімдеді. Кездесу 9 қарашада «Үлкен жиырмалықтың» іскерлік алаңы – G20 саммиті аясында өтті.
Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк басқаруындағы активтердің көлемі шамамен 120 млрд долларды құрайды. Оның жартысына жуығы – 60 млрд доллар – АҚШ активтеріне салынған және осы елдің қаржы нарықтарында орналастырылған.
Реттеуші басшысының сөзінше, Қазақстанның АҚШ-тағы жалпы инвестициясы шамамен 77 млрд долларды құрайды. Оның басым бөлігі бағалы қағаздарға салынған.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі резервтеріндегі алтынның үлесін 75%-дан төмен деңгейге дейін азайтуды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.