Банктерге міндетті резервінің 25 пайызын цифрлық теңгемен сақтауға рұқсат берілмек

Жарияланды 10 Қараша 2026 12:57

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары үшін ең төмен резерв талаптарын (ЕТРТ) есептеу және орындау тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын әзірледі. Реттеушінің түсіндіруінше, жаңа өзгерістер өтімділікті реттеудің тиімділігін арттыруға, өтімділікті басқаруды жеңілдету және қорға жинау режимін жұмсартуға бағытталған.

Жаңартылған ережелердегі басты жаңалық – банктер мен қаржы ұйымдарына тиесілі цифрлық теңгені резервтік активтер құрамына қосуға рұқсат берілуі. Егер бұған дейін резервтер дәстүрлі активтермен қалыптастырылып келсе, енді банктер өз резервтерінің белгілі бір бөлігін цифрлық теңгеде ұстай алады.

Алайда цифрлық теңгенің үлесіне нақты шектеу қойылған: ол тиісті айқындау кезеңі үшін есептелген ЕТРТ мөлшерінің 25 пайызынан аспауға тиіс.

Нормативтің орындалуын бақылау үшін банктер мен ұйымдар Ұлттық банкке резервтерді қалыптастыру кезеңіндегі цифрлық теңгенің шотындағы күнделікті қалдықтары мен олардың орташа мәні көрсетілген есептілікті үнемі ұсынып отырады.

Бұл үшін ЕТРТ-ды есептеу кезінде пайдаланылатын баланстық шоттар тізбесі мен есептілік нысандары қайта нақтыланды.

Сонымен қатар қаулы жобасы банктер шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерді ЕТРТ есептеу кезінде ескерілетін міндеттемелердің үшінші санатына жатқызу шарттарын реттейді.

Оның ішінде эмитент міндеттемелерді (ковенанттарды) бұзған немесе эмитентке бақылау жасау құқығы өзгерткен жағдайда, облигация иелерінің талабы бойынша бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алу (өтеу) шарттары айқындалды.

Айта кету керек, Қазақстанда ұзақ жылдар бойы Орталық Азиядағы ең төмен резервтік талаптар көрсеткіші сақталып келген еді. Регулятор ақша нарығындағы артық өтімділікті сорып алу, инфляциямен күресу және бизнесті несиелеуді ынталандыру мақсатында нормативтерді біртіндеп көтеріп отырған.

Биыл қыркүйекте банктердің жеке капиталына қойылатын ең төменгі резерв талаптары қайта қаралған. Жаңа талаптар қолданыла бастағалы өтімділік профициті 7,7 трлн теңгеден 5,8 трлн теңгеге дейін төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз