Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 8%-ға артты

Жарияланды 13 Қараша 2026 10:13

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қазақстан арқылы өтетін теміржолдар жүк тасымалын 5 есе арттырмақ / фото: Ақорда
Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы артты/ фото: Ақорда

2026 жылдың қаңтар–қазан айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 31,8 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға көп. Былтыр осы уақытта екі ел арасында 29,4 млн тонна жүк тасымалданған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тасымал көлемі екі бағытта да өскен. Атап айтқанда, Қытайдан Қазақстанға 12,1 млн тонна жүк жеткізілді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 9%-ға жоғары.

Оның ішінде Достық станциясы арқылы 5 млн тонна жүк тасымалданып, өсім 13%-ды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы жеткізілген жүк көлемі 6%-ға артып, 7,1 млн тоннаға жетті.

Ал Қазақстаннан Қытайға 19,7 млн тонна жүк жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп. Оның 13,1 млн тоннасы Достық станциясы арқылы тасымалданған. Бұл бағыттағы өсім 12%-ды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы 6,6 млн тонна жүк өткізіліп, көрсеткіш 1%-ға артты.

Жүк тасымалының өсуіне екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты дамыту, шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту және өткізу бекеттерінің мүмкіндігін кеңейту бағытындағы жұмыстар ықпал етіп отыр.

Бұл шаралар жүк ағынын арттырып, тасымал тиімділігін жақсартуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Қазақстан-Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны 180-ге дейін артады

Сондай-ақ оқыңыз