NVIDIA акциялары құлдырады, «Самұрық-Қазынада» дүрбелең: таңғы дайджест

Жарияланды 13 Қараша 2026 08:21

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Бейсенбі, 12 қараша экономикалық жаңалықтарға толы болды. Солардың қатарында ең көп талқыға түскені ұлттық компанияларға қатысты жаңалық. «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуынан кейін сарапшылар «Қазақстан темір жолының» IPO-сы кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар Kursiv.Media «Самұрық-Қазынаның» ең ірі сатып алуларын талдап, кейбір тендерлердің бюджеті жүздеген миллиард теңгеге жететінін көрсетті. 12 қарашада KASE-дегі кешкі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 443,60 теңгені құрады. Бұл сәрсенбі, 11 қарашадағы көрсеткіштен 1,22 теңгеге төмен. Осылайша ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты нығаюын жалғастырды.

KASE индексі 0,15% өсіп, 7 835,20 тармақпен жабылды. Индекс құрамындағы он акцияның жетеуі қымбаттады.

АҚШ қор нарығы: Nvidia акциясы арзандады

АҚШ қор нарығы бейсенбідегі сауданы төмендеумен аяқтады. S&P 500 индексі 0,35% түсіп, 7 592,40 тармаққа, Nasdaq Composite 0,39% төмендеп, 25 366,09 тармаққа жетті.

Нарыққа Nvidia басшысы Дженсен Хуангтың қызметтен кетуі және АҚШ мемлекеттік облигациялары кірістілігінің өсуі қысым жасады. Nvidia акциясы күн соңында 4,3% арзандады.

Криптонарық: Bitcoin 72 мың доллардан төмен

Bitcoin бағасы 12 қарашада Investing.com дерегі бойынша 3,30% төмендеп, 71 554 долларға түсті. Криптонарықта тәуекелді активтерге сұраныстың әлсіреуі байқалды.

12 ҚАРАША 2026

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы

USD / KZT
443,60 ₸
▼ 1,22 ₸
АЛТЫН · СПОТ
$3 880,93
▼ 2,7%
BRENT
$95,82
▲ 3,3%
BITCOIN
$71 554
▼ 3,30%
KASE ИНДЕКСІ
7 835,20
▲ 0,15%
S&P 500
7 592,40
▼ 0,35%
NASDAQ
25 366,09
▼ 0,39%

Қор нарығы · KASE акциялары

CCBN
Банк ЦентрКредит
5 500,00 ₸
+0,9%
AIRA
Air Astana
669,52 ₸
+0,3%
KSPI
Kaspi.kz
40 059,97 ₸
+0,2%
HSBK
Halyk Bank
372,01 ₸
+0,1%
KEGC
Кегок
1 479,00 ₸
+0,1%
KZAP
Қазатомөнеркәсіп
27 997,70 ₸
+0,002%
KZTK
Қазақтелеком
45 490,00 ₸
+0,01%
KCEL
Kcell
3 190,85 ₸
−0,1%
KZTO
ҚазТрансОйл
1 381,32 ₸
−0,2%
KMGZ
ҚазМұнайГаз
35 910,00 ₸
−0,3%
12 ҚАРАША 2026

БЕЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономика, қаржы, инвестиция және бизнес

01
ҚОР НАРЫҒЫ

ҚТЖ IPO-сы кейінге шегерілуі мүмкін

Ұлттық компания басшыларының ұсталуынан кейін сарапшы ҚТЖ акцияларын биржаға орналастыру мерзімі белгісіз уақытқа шегерілуі мүмкін екенін айтты.

ОҚЫҢЫЗ ↗
02
АВИАЦИЯ

Air Astana тоғыз айда 2,7 млн доллар шығынға ұшырады

Әуе компаниясының түсімі 17,9% артқанымен, шығындардың өсуі таза қаржылық нәтижені теріс көрсеткішке түсірді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
03
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

«Самұрық-Қазынаның» ең қымбат тендерлері анықталды

Ұлттық компаниялар тобының ірі сатып алулары газ өңдеу, теміржол және құрылыс жобаларына бағытталған.

ОҚЫҢЫЗ ↗
04
ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

Доллар биржада 443 теңгеге дейін арзандады

12 қарашада теңге нығаюын жалғастырып, күндізгі саудада доллар бағасы 443,1 теңгеге дейін төмендеді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
05
МҰНАЙ

«ҚазТрансОйл» 38,3 млн тонна мұнай тасымалдады

Компания қаңтар–қазан айларында магистральдық құбырлар жүйесі арқылы 38,3 млн тоннадан астам мұнай жеткізді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
06
ӘЛЕМДІК БИЗНЕС

OpenAI-дың тоқсандық түсімі 10 млрд долларға жетті

Компанияның үшінші тоқсандағы түсімі шамамен 50% өскенімен, операциялық шығындары жоғары деңгейде қалды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
07
ТЕҢГЕ ТАРИХЫ

Теңгенің 33 жылдағы бағамы қалай өзгерді?

Kursiv Media Ұлттық банкті басқарған төрағалар кезеңіндегі теңге бағамының тарихын инфографикамен салыстырды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
08
КӘСІПКЕРЛІК

Бизнес лицензиялары автоматты түрде беріле бастады

Кейбір рұқсаттарды рәсімдеу мерзімі бірнеше аптадан бірнеше минутқа дейін қысқарды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
09
ЭНЕРГЕТИКА

Үлкен ауылында атомшыларға жаңа қалашық салынады

АЭС жобасы аясында 33 мың адамға дейін тұратын жаңа инфрақұрылым салу жоспарланып отыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗
10
ДЕМОГРАФИЯ

Астанаға тоғыз айда 52 мыңнан астам адам көшіп келген

Елордадағы оң көші-қон айырымы 52 029 адамға жетіп, қала өңіраралық көші-қон бойынша бірінші орынға шықты.

ОҚЫҢЫЗ ↗

Алтын арзандап, мұнай қымбаттады

Алтынның бір трой унциясы 2,7% арзандап, 3 880,93 долларға дейін төмендеді. Бұған АҚШ долларының күшеюі, облигациялар кірістілігінің өсуі және Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені жоғары деңгейде сақтауы мүмкін деген күтулер әсер етті.

Ал Brent мұнайы 3,3% қымбаттап, барреліне 95,82 долларға жетті. АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен келісімге қатысты мәлімдемесінен кейін нарықта мұнай жеткізіліміне байланысты алаңдаушылық күшейді.

Сондай-ақ оқыңыз