Батыс Қазақстанда экономикалық өсім төмендеп келеді

Жарияланды 16 Қараша 2026 15:46

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Бір өңірде өсім 17,6%-ға жетсе, енді бірінде көрсеткіш 8,1%-ға төмендеген. 2026 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанның 20 өңірінің 16-сында қысқамерзімді экономикалық индикатор өткен жылғы деңгейден жоғары болды. Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы көш бастаса, ең үлкен төмендеу Батыс Қазақстанда тіркелді. Kursiv.Media өңірлер бойынша деректерді талдап, қай аймақта өсім күшейіп, қайсысында бәсеңдегенін қарастырды.

Алғашқы үштікте қай өңірлер бар?

Түркістан облысында ҚМИ индексі 117,6% болды. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 17,6%-ға өскенін білдіреді.

Екінші орында – Шымкент қаласы. Мұнда индекс 116,1%-ға, яғни өсім 16,1%-ға жеткен. Үшінші орында тұрған Алматы облысының көрсеткіші – 115,8%, өсімі – 15,8%.

Өңірлер бойынша ҚМИ индексі, қаңтар–қазан 2026

Өңір
90%100%110%120%
Индекс
Түркістан117,6%
Шымкент қаласы116,1%
Алматы115,8%
Ұлытау112,2%
Солтүстік Қазақстан112,0%
Жамбыл111,7%
Астана қаласы110,1%
Қызылорда109,8%
Павлодар109,7%
Алматы қаласы109,1%
Жетісу106,2%
Маңғыстау104,6%
Қостанай103,8%
Абай103,5%
Қарағанды102,3%
Ақтөбе102,2%
Ақмола98,6%
Атырау98,3%
Шығыс Қазақстан98,1%
Батыс Қазақстан91,9%

Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облыстары да жоғары нәтиже көрсетті: олардың индекстері тиісінше 112,2% және 112% болды. Жамбыл облысында көрсеткіш 111,7%-ға жетті.

Төрт өңір өткен жылғы деңгейге жете алмады

Индекс Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Ақмола облыстарында 100%-дан төмен болды.

Ең төмен көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелді – 91,9%. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% төмендеуді білдіреді. Шығыс Қазақстанда төмендеу 1,9%, Атырауда 1,7%, Ақмолада 1,4% болды.

Осылайша, ең жоғары және ең төмен өңірлік индекстердің арасындағы алшақтық 25,7 пайыздық тармаққа жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз