
Бір өңірде өсім 17,6%-ға жетсе, енді бірінде көрсеткіш 8,1%-ға төмендеген. 2026 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанның 20 өңірінің 16-сында қысқамерзімді экономикалық индикатор өткен жылғы деңгейден жоғары болды. Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы көш бастаса, ең үлкен төмендеу Батыс Қазақстанда тіркелді. Kursiv.Media өңірлер бойынша деректерді талдап, қай аймақта өсім күшейіп, қайсысында бәсеңдегенін қарастырды.
Алғашқы үштікте қай өңірлер бар?
Түркістан облысында ҚМИ индексі 117,6% болды. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 17,6%-ға өскенін білдіреді.
Екінші орында – Шымкент қаласы. Мұнда индекс 116,1%-ға, яғни өсім 16,1%-ға жеткен. Үшінші орында тұрған Алматы облысының көрсеткіші – 115,8%, өсімі – 15,8%.
Өңірлер бойынша ҚМИ индексі, қаңтар–қазан 2026
Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облыстары да жоғары нәтиже көрсетті: олардың индекстері тиісінше 112,2% және 112% болды. Жамбыл облысында көрсеткіш 111,7%-ға жетті.
Төрт өңір өткен жылғы деңгейге жете алмады
Индекс Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Ақмола облыстарында 100%-дан төмен болды.
Ең төмен көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелді – 91,9%. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% төмендеуді білдіреді. Шығыс Қазақстанда төмендеу 1,9%, Атырауда 1,7%, Ақмолада 1,4% болды.
Осылайша, ең жоғары және ең төмен өңірлік индекстердің арасындағы алшақтық 25,7 пайыздық тармаққа жеткен.