Төрт коллекторлық агенттікке қызмет көрсетуге тыйым салынды 

Жарияланды 17 Қараша 2026 14:25

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
«Ойыл-Несие» несие серіктестігі» лицензиясынан айырылды/фото: Flickr
Төрт коллекторлық компания заң бұзған/ Flickr

Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрт коллекторлық компанияны ресми тізілімнен алып тастады. Бұған олардың борышкерлермен жұмыс істеу кезінде заң талаптарын жүйелі түрде бұзғаны себеп болған.

Агенттік жүргізген тексерулер барысында аталған ұйымдардың борышкерлермен және үшінші тұлғалармен байланыс орнату кезінде жосықсыз әрекеттерге барғаны анықталды. Заңнамаға сәйкес, мұндай заң бұзу қатарынан 12 ай ішінде үш немесе одан да көп рет қайталанса, жүйелі бұзу деп есептеледі.

Осыған байланысты бұйрықпен мына компаниялар коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылды:

  • «Seven» коллекторлық агенттігі» ЖШС;
  • «iCollect» коллекторлық агенттігі» ЖШС;
  • «Каз Инвест Коллекшн» коллекторлық агенттігі» ЖШС;
  • «Табыс» коллекторлық агенттігі» ЖШС.

Тізілімнен шығарылған компаниялар бұдан былай коллекторлық қызмет көрсете алмайды. Олар тиісті хабарламаны алғаннан кейін бес күн ішінде кредиторларға, борышкерлерге және сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғаларға бұл туралы ескертуге міндетті.

Сонымен қатар 30 күн ішінде компания атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді алып тастап, қайта тіркеуден өтуі керек. Алайда агенттік тізілімнен шығару борышкерлерді банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайтынын ескертті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық қызмет саласындағы заң бұзуды анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді. Ведомство борышкерлердің құқықтарын қорғауға және қарызды өндіріп алу кезінде заңсыз әдістерді қолдануға жол бермеуге басымдық бермек.

Тағы да оқыңыз: Елде заңсыз жұмыс істеген алты криптобиржаның қызметі тоқтатылды

Сондай-ақ оқыңыз