«Ұмай» ипотекасының бастапқы жарнасы төмендеуі мүмкін

Жарияланды 17 Қараша 2026 12:14

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
иллюстрация kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша бастапқы жарнаны төмендету тетіктері әзірленіп жатыр. Жаңа шарттар 2027 жылы жариялануы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте өнеркәсіп және құрылыс комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір «Отбасы банкімен» бірлесіп, бағдарламаның қаржылық моделі қарастырылып жатыр.

«Қазіргі уақытта бастапқы жарнаны төмендетуді көздейтін тетіктерді пысықтап жатырмыз. Қаржылық модельді Отбасы банкімен бірлесіп әзірлеудеміз. Жаңа тетіктерді 2027 жылы жариялаймыз деп жоспарлап отырмыз», – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Ал өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков «Ұмай» бағдарламасына қатысты жоғары сұраныс пен кезектің пайда болуына түсініктеме берді. Оның пікірінше, мұндай жағдай сұранысқа ие түрлі өнімдер мен бағдарламалар төңірегінде мезгіл-мезгіл қайталанып тұрады.

«Егер өнім сұранысқа ие болса, біз мүмкіндігімізге қарай талаптар мен тетіктерді пысықтаймыз. Қосымша қаржы бөлінген жағдайда бұл бағыттағы жұмысты кеңейтіп, жоғары сұранысты азайту жолдарын қарастыруға дайынбыз. Бюджет пен нарықтың мүмкіндігіне қарай қосымша құралдарды әзірлейміз», – деді Олжас Сапарбеков.

Тағы да оқыңыз: «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдаудың жаңа кезеңі қаржыландырудан кейін басталады

Сондай-ақ оқыңыз