Қазақстан шинаға қанша жұмсады және оны қай елдерден алды

Жарияланды 18 Қараша 2026 10:45

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Қазақстан биыл тоғыз айда жеңіл көліктерге арналған 4,6 млн шина импорттады. Олардың жалпы құны 185,4 млн доллар болды. Kursiv.Media Ұлттық статистика бюросының деректеріне үңіліп, Қазақстан шинаны қай елдерден көп әкелетінін анықтады.

Әр төрт шинаның үшеуі Қытайдан келген

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қытайдан 3,4 млн шина әкелінді. Бұл Қазақстан импорттаған шиналардың шамамен төрттен үшіне тең. Ал импорт құны бойынша Қытайдың үлесі 53,4% болды. Бұл елден әкелінген шиналардың жалпы құны 99 млн долларға жуықтады.

Қазақстан шина әкелетін 10 ел

Жеңіл көліктерге арналған шиналар · 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек

Жалпы импорт — 185,4 млн доллар · 4,60 млн дана

ЕлМлн доллар · импорттағы үлесі
Қытай 98,98 · 53,4%
Ресей 21,02 · 11,3%
Оңтүстік Корея 10,77 · 5,8%
Венгрия 8,86 · 4,8%
Жапония 8,53 · 4,6%
Польша 8,02 · 4,3%
Германия 5,20 · 2,8%
Словакия 3,48 · 1,9%
Чехия 3,37 · 1,8%
Филиппин 2,40 · 1,3%
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы

Ресей мен Оңтүстік Корея алғашқы үштікке кірді

Импорт құны бойынша Ресей екінші орында. Қазақстан бұл елден 21 млн долларға 556 мың шина әкелген. Үшінші орында Оңтүстік Корея тұр. Одан 10,8 млн долларға 159 мың шина жеткізілді.

Алғашқы бестікке Венгрия мен Жапония да кірді. Венгриядан әкелінген шиналардың құны 8,9 млн доллар, ал Жапониядан әкелінген шиналардың құны 8,5 млн доллар болды.

Сондай-ақ оқыңыз