
Сейсенбіде теңге нығайып, KASE индексі қайта өсті. Ал АҚШ қор нарығында технологиялық компаниялардың акциялары арзандауын жалғастырды. Bitcoin 64 мың доллар шамасына түсті, мұнай қымбаттады. Қазақстанда үш мегаполистегі инвестицияның қысқаруы, импорттың Ресей мен Қытайға тәуелділігі және ипотека шарттарының ықтимал өзгерісі басты жаңалықтардың қатарында болды.
Теңге нығайды, KASE индексі өсті
17 қарашада KASE-дегі кешкі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 443,99 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күннен 52 тиынға төмен. Осылайша теңге АҚШ долларына қатысты қайта нығайды.
НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ
Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы
Қор нарығы · KASE акциялары
СЕЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ
Kursiv Media қазақша · экономика, қаржы және бизнес
Үш мегаполисте инвестиция азайды
Қазанда инвестиция Шымкентте 42,2%, Алматыда 13,5%, Астанада 10,6% төмендеді.
ОҚЫҢЫЗ ↗Қазақстан импортының 61,4%-ы екі елден келеді
Ресей мен Қытай тоғыз айда Қазақстанға 29,7 млрд доллардың тауарын жеткізген.
ОҚЫҢЫЗ ↗Өңдеу өнеркәсібі инвестиция тартуда алға шықты
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша тау-кен өндірісін басып озды.
ОҚЫҢЫЗ ↗«Ұмай» ипотекасының бастапқы жарнасы азаюы мүмкін
Үкімет «Отбасы банкпен» бірге жаңа қаржылық модель әзірлеп, шарттарды 2027 жылы жариялауды жоспарлап отыр.
ОҚЫҢЫЗ ↗Halyk Finance «қос баға» жүйесін ұсынды
Сарапшылар бөліп төлеуге және бірден төлеуге арналған бағаларды бөлек көрсету қажет деп санайды.
ОҚЫҢЫЗ ↗Төрт коллекторлық агенттіктің қызметіне тыйым салынды
Қаржы нарығын реттеу агенттігі заң талаптарын жүйелі бұзған төрт компанияны ресми тізілімнен шығарды.
ОҚЫҢЫЗ ↗Доллар 444 теңгеден төмендеді
KASE-де сағат 15:30-дағы орташа бағам 443,96 теңге болып, ұлттық валюта нығайды.
ОҚЫҢЫЗ ↗Абай облысында алтын іздеу жұмысы басталмақ
Assana company Аягөз ауданындағы 49 шаршы шақырым аумақта геологиялық барлау жүргізуді жоспарлап отыр.
ОҚЫҢЫЗ ↗The Economist 2027 жылға болжам жасады
Басылым мемлекеттік қарыз, жасанды интеллект және әлемдік қаржы нарығындағы тәуекелдерді басты тақырыптарға қосты.
ОҚЫҢЫЗ ↗Temu-ға ірі айыппұл салынуы мүмкін
Еурокомиссия қауіпті тауарларды бақылаудағы олқылықтарға байланысты платформаны тексеріп жатыр.
ОҚЫҢЫЗ ↗KASE индексі 0,54% өсіп, 7 833,64 тармақпен жабылды. Ең жоғары өсім Air Astana (AIRA) акциясында тіркелді — 3,1%. Kaspi.kz (KSPI) 2%, Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,7% қымбаттады. Ал Қазатомөнеркәсіп (KZAP) 0,8%, ҚазТрансОйл (KZTO) 0,6% арзандады.
АҚШ қор нарығы: технологиялық компаниялар арзандады
АҚШ-та S&P 500 индексі 1,03% төмендеп, 7 340,53 тармақпен жабылды. Nasdaq Composite 0,74% түсіп, 24 328,38 тармаққа жетті.
Нарыққа жасанды интеллект саласындағы компаниялардың жоғары бағалануы жөніндегі алаңдаушылық және Nvidia-ның қаржылық есебі алдындағы белгісіздік қысым жасады. Microsoft пен Alphabet акцияларының төмендеуі де S&P 500 нәтижесіне теріс әсер етті.
Криптонарық: Bitcoin 64 мың долларға түсті
Bitcoin 17 қарашадағы сауданы 63 980,63 доллармен аяқтап, тәулігіне шамамен 1,35% арзандады. Криптовалюта нарығында технологиялық акциялармен қатар тәуекелді активтерге сұраныс әлсіреді.
Алтын мен мұнай қымбаттады
Алтын фьючерсінің бір унциясы 0,44% қымбаттап, 3 869,77 долларға жетті. Дегенмен жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қатысты күтулер мен доллардың күшеюі алтын нарығына қысым жасап отыр.
Brent мұнайы 0,76% өсіп, барреліне 93,14 доллар болды. Бұған Ормұз бұғазындағы танкерлерге жасалған шабуылдар мен АҚШ-та мұнай қоры азаюы мүмкін деген күтулер әсер етті.