Доллар 444 теңгеден төмендеді

Жарияланды 17 Қараша 2026 17:24

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

17 қарашада теңге долларға қатысты нығайып, АҚШ валютасының биржалық бағамы 444 теңгеден төмен түсті. Қазақстан қор биржасында сағат 15:30-дағы доллардың орташа сараланған бағамы 443,96 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күнінің қорытындысынан 0,55 теңгеге немесе 0,12%-ға төмен.

ҚалаДолларды сатып алуДолларды сатуДеректің жаңарған уақыты
Алматы443,94 теңге445,57 теңге16:05
Астана441,01 теңге448,01 теңге16:05
Шымкент443,75 теңге446,53 теңге16:05

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 443,94 теңгеден сатып алынып, 445,57 теңгеден сатылып жатыр. Астанада сатып алу бағамы — 441,01 теңге, сату — 448,01 теңге. Шымкентте долларды орта есеппен 443,75 теңгеден сатып алып, 446,53 теңгеден сатуда.

Сондай-ақ оқыңыз