Freedom SuperApp арқылы 20 мың теңгеге ДНК-тест тапсыруға болады

Жарияланды 18 Қараша 2026 15:10

Данил Тумашевич

Данил Тумашевич

Шеф-редактор d.tumashevich@kursiv.kz
Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Алексей Ли
Фото: Freedom

Freedom компаниясы Freedom SuperApp арқылы адамның генетикасын анықтайтын тестті іске қосты. Бастапқы жиынтықтағы тестің құны 20 мың теңгені құрайды, ол ұқсас өнімдерден бірнеше есе арзан. Компания ДНК-тестіні тұрақты көрсетілетін қызмет түрінен айналдыруды көздеп отыр. Бұл жайында 17 қарашада Алматыда өткен Freedom MedTech Talk шарасында жарияланды.

Freedom не ұсынады

Тестке Freedom SuperApp қосымшасының «Менің денсаулығым» бөлімінде тапсырыс беруге болады. Пайдаланушы сілекей жинауға арналған пробкасы бар жиынтық алып, содан кейін жиналған үлгіні нұсқаулық бойынша серіктес курьер қызметі арқылы жібереді. Әрі қарай үлгі ДНК-ны анықтау үшін зертханаға түседі. Нәтижелер көрсетілген есеп дайын болған соң Freedom SuperApp қосымшасында көрінеді.

Басты мәселе – баға саясаты. Freedom Lifestyle Group CEO-сы Алексей Лидің айтуынша, қазақстандық нарықта бұған дейін ДНК-тесттердің құны 50 мың теңгеден 1 000 долларға дейін жеткен.

«Біз мұнда ғылыми қызығушылық та, әр адамның жеке қызығушылығы да бар екенін түсінеміз, сондықтан бұл тесттерді барынша арзан етуге тырыстық», – деп түсіндірді ол.

Бірінші кезеңде тест «денсаулық фазасында» жұмыс істейді: тамақтану спорт және созылмалы ауруларға байланысты генетикалық бейімділіктерді көрсетеді.

Екінші фаза шығу тегі туралы ақпаратты және басқа пайдаланушылар арасынан туыстарды табу мүмкіндігін қосады, бірақ бұл тек адамның қайта берген келісімінің негізінде ғана жүргізіледі.

Әрі қарай компания бұл профильдерді SuperApp пайдаланушыларына қолжетімді болуы үшін әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ профильдерді кеңейту мүмкіндігі және онкологиялық ауруларға бейімділік сияқты бағыттарды қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бірақ Алексей Лидің айтуынша, компания бұл бағыттарға байыпты түрде қарайды және әзірлеу уақытты талап етеді.

Лидің айтуынша, ДНК-тест медициналық ақпарат болып жіктелмейді.

«Бұл өзіңізді және бейімділіктеріңізді жақсырақ тану үшін жасалған ғылыми ақпарат сынды», – деді ол.

Жарты жылдық дайындық

Алексей Лидің айтуынша, Freedom генетикалық тестілеу саласындағы тәжірибені нөлден бастап құрып, оған бір жарым жыл уақыт жұмсаған. Команда Thermo Fisher, Illumina сияқты әлемдік өндірушілердің жабдықтарын және арзан қытайлық баламасын сынақтан өткізіп, Illumina компаниясын таңдады. Лидің бағалауы бойынша, әлемдегі ДНК-тесттердің шамамен 80%-ы осы компанияның жабдығында жасалады.

Сонымен қатар, Freedom биоинформатиктер мен генетиктер тобын жинап, тесттерді генетика институтымен серіктестікте іске қосты. Нәтижесінде компания Illumina компаниясынан ресми валидация алды.

Тест неге баламаларынан арзан

Өнімді дайындау барысында Freedom командасы нарықта қандай ДНК-тесттер бар екенін зерттеп шықты. Қызметкерлер зерттеу құрамын бағалау және нәтижелердің қаншалықты түсінікті берілгенін түсіну үшін басқа компаниялардың тесттерінен өздері өтті. Осы жұмыс аясында Freedom SuperApp CEO-сы Вячеслав Ким құны шамамен 1 000 доллар тұратын тесттен өтті. Онда 500-ге жуық генетикалық профиль болған.

Freedom өз өнімі үшін пайдаланушы үшін ең маңызды деген 46 профильді таңдап алды. «Курсивке» берген сұхбатында Ким бұл туралы былай деп түсіндірді:

«Біз пайдаланушы үшін ең маңыздыларын саналы түрде таңдадық. Freedom өнімді қалыптастыруда, маңызды генетикалық көрсеткіштерді таңдауда және нәтижелерді пайдаланушыға ұсынуда өз тәжірибесін дамытуды шешті».

Команда генетикалық тест қолжетімді болуы үшін зерттеу мазмұны, практикалық пайдасы мен бағасы арасындағы тепе-теңдікті іздеді. Компания дайын шетелдік сервис түрлерін қоса алатын еді, бірақ өзінің тәжірибесіне инвестиция салуды жөн көрді.

Өнім профилі кеңейеді: пайдаланушылар анағұрлым егжей-тегжейлі зерттеуді таңдай алады және оның бағасы құрамына байланысты болады. Нәтижелері қазірдің өзінде визуализация арқылы ұсынылған, ал болашақта оларды түсінуге ЖИ-ассистент көмектеседі.

Қазақстандық геном

Жобаның ғылыми мақсаты да бар. Тестті тартымды ету арқылы Freedom референсті қазақстандық геноммен жұмысты бастау және шетелдік базаларда көрінбейтін өңірлік ерекшеліктерді анықтауды көздеп отыр.

Компания алғашқы зерттеу нәтижесін жариялаған, олар алғашқы 100 адамнан тұрған іріктеуге негізделген және алдын ала сипатқа ие. Алексей Лидің айтуынша, іріктеуде көру қабілетінің нашарлауына бейімділігі бар адамдардың пайызы біршама жоғары болып шықты.

Үлкен экожүйенің бір бөлігі

ДНК-тест Freedom SuperApp сәуір айында сынақ режимінде іске қосқан «Менің денсаулығым» бөлімінің элементтерінің біріне айналды.

Қазір бөлімде 202 клиника мен 2 700-ге жуық дәрігерді қамтитын дәрігерлерге жазылу, зертханалық анализдерге тапсырыс беру, ДНК-тест және дәріхана қызметі бар. Жақын арада Freedom мемлекеттік емханалардың деректері бар денсаулық паспортын, анықтамалар мен дәрігерді үйге шақыру қызметін, сондай-ақ ЖИ-ассистент пен пайдаланушының жалпы «денсаулық индексін» қосуды жоспарлап отыр. Медициналық жасанды интеллектті әзірлеу үшін компания 100 дәрігерден тұратын ғылыми кеңес құрылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз