Бес сауда күнінде Қазатомөнеркәсіптің нарықтық құны 480 млрд теңгеге кеміді

Жарияланды 20 Қараша 2026 13:40

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Uranium giant Kazatomprom sees Q1 profit plunge
фото: Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Қазатомөнеркәсіптің» Қазақстан қор биржасында саудаланатын акциясы 13-19 қараша аралығында бес күн қатарынана арзандады. Осы бес сессияда акция 6,59%-ға арзандап, 19 қарашада 26 210,03 теңгемен жабылды. Kursiv.Media осы уақыт аралығында компания 479 млрд теңге нарықтық құнын жоғалтқанын анықтады.

Сауда күніЖабылу бағасыКүндік өзгеріс
12 қараша28 059,00 теңге+0,22%
13 қараша27 700,10 теңге−1,28%
16 қараша27 150,00 теңге−1,99%
17 қараша26 924,44 теңге−0,83%
18 қараша26 799,00 теңге−0,47%
19 қараша26 210,03 теңге−2,20%

Қарашадағы өзгерісті есептеу үшін қазанның соңғы сауда күнін негізге алдық. 30 қазанда бір акция 28 350 теңге тұрған. Содан бері акция 7,55%-ға арзандады. KASE көрсеткен 259 356 608 жай акцияны екі күннің жабылу бағасына көбейткенде, компанияның нарықтық құны 7,353 трлн теңгеден 6,798 трлн теңгеге түскен.

Сондай-ақ оқыңыз