Нағаспаев ең көп инвестиция құйылған саланы атады

Жарияланды 23 Қараша 2026 10:37

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
инвестиция
shutterstock.com

2023 жылдан бері Қазақстанда жалпы құны 4,6 трлн теңге болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

Іске қосылған кәсіпорындар осы уақыт аралығында 6 трлн теңгенің өнімін өндіріп, оның үштен бірін экспортқа шығарған.

Құрылтайдағы үкімет сағатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өндіріс орындарын ашу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

«Биыл жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың нәтижесінде 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылуы тиіс», – деді Нағаспаев.

Қазіргі уақытта жоспарланған жобалардың 130-ы іске қосылған. Жаңа кәсіпорындар негізінен құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау және тамақ өнеркәсібі салаларында ашылған.

«Инвестицияның ең көп көлемі машина жасау саласына бағытталған. Бұл бағытқа 1 трлн теңге, ал тамақ өнеркәсібіне 760 млрд теңгеден астам қаржы салынған», – деді министр.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда машина жасау өндірісі үш жылда 36%-ға өсті

Сондай-ақ оқыңыз