
Актер, әзілкеш, тележүргізуші Нұрболхан Шарапов айтыскер ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасады.
Ол айтыскер ақын әнші болса, өлеңді қалай айтатынын көрсетіп, әзілдеген. Бұл әзілге Жазира Байырбекова да үн қосып: «Р-ға тілі келмейтіндер қол көтеріңіздер, біргеміз», – деп күлген.
Айнұр Тұрсынбаева әзілкештің қағытпасына өлеңмен жауап берді:
Ей, Нұрболхан, қал қалай?
Қоя тұршы зарламай!
Сүмірейіп отырсың
Yciп қалған алмадай.
Менің тілім тәп-тәтті,
Болмасыншы шаруаң-ай!
Мендей болу, сен үшін,
Арман, арман, арман-ай…
Тиісе берме аққуға
Қарқылдаған қарғам-ай.
Айтысатын уақыт жоқ,
Жолың болсын ал, давай!
Нұрболхан Шарапов ақынның тапқыр жауабына сүйсініп, күлкіге қарық болды.
Айта кететін жайт, Жазира Байырбек Айнұр Тұрсынбаеваның көріпкелдік қасиетіне таңырқаған болатын.