Brent пен WTI: мұнай бағасы 91 доллардан төмендеді

Жарияланды 23 Қараша 2026 17:38

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

23 қарашада Қазақстан уақытымен сағат 16:25-те Brent мұнайының фьючерсі 1,75%-ға арзандап, барреліне 90,95 доллар болды. WTI бағасы 1,49%-ға төмендеп, 82,17 долларға түсті. Reuters мәліметінше, бағаға Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімінің артуы қысым жасады. Өткен аптада Brent шамамен 4%, WTI 5% арзандаған.

Қазақстан мұнайы қандай бағамен сатылады?

Oilprice кестесінде Қазақстанның CPC Blend мұнайы барреліне 108 доллардан саудалануда.

Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80%-ын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жөнелтеді. Осы бағытпен тасымалданатын мұнай CPC Blend атауымен сатылады.

Сондай-ақ оқыңыз