Желтоқсаннан бастап қандай тауарларды сатуға бақылау күшейеді

Жарияланды 23 Қараша 2026 16:45

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Какие товары казахстанцы раскупают к празднику Дня Республики
Тауардың 15 түрін сатуға жаңа талап енгізілмек/ kursiv.media архиві

2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда бірқатар тауарға қатысты тауарларға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) рәсімдеу және электрондық шот-фактура (ЭШФ) жазу талаптары күшіне енеді.

Жаңа талаптар «Виртуалды қойма» модулін пайдалана отырып, тауар айналымын есепке алуға қатысты.

 Атап айтқанда, 1 желтоқсаннан бастап ең төменгі баға деңгейі тізіміне енгізілген 15 тауар тобына және бидайға қолданылады.

Ал ЕТБД тізбесіне қосымша енгізілген тағы 38 тауар тобына қатысты талаптар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ретте аталған тауарлар бойынша жаңартылған ЕТБД тізбесі 2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап қолданылады.

Мемлекеттік кірістер органдары тауарлардың ең төменгі баға деңгейін тоқсан сайын, айдың 15-інен кешіктірмей есептеп, жариялап отырады.

Оқи отырыңыз: Әрбір тауарға ЖСН сияқты сәйкестендіру нөмірі берілуге тиіс – Бағдат Мусин

Сондай-ақ оқыңыз