2027 жылдан жәрдемақы қалай беріледі: банктегі ақша мен күнделікті шығын тексеріле ме

Жарияланды 23 Қараша 2026 15:26

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
иллюстрация kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

2027 жылдан Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындауда жаңартылған тәсіл енгілізеді. Енді мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж отбасыларға әділ әрі нақты жетуі үшін азаматтардың әл-ауқаты Отбасының цифрлық картасы арқылы бағаланады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйеден дерек жинайтын бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін және азаматтардың табысы, банк шоттары мен мүлкі жәрдемақыға қалай әсер ететінін түсіндірді.

Банк аударымдары мен күнделікті шығындар тексеріле ме?

Министрліктің мәліметінше, Отбасының цифрлық картасы азаматтардың күнделікті шығындарын, супермаркеттегі түбіртектерін, сауда-саттығын немесе туыстар мен достар арасындағы тұрмыстық ақша аударымдарын бақыламайды. Жүйенің жеке банктік үзінді көшірмелерге қолжетімділігі жоқ.

Оның орнына банктер жеке деректерді көрсетпей, тек жалпыланған әрі шифрланған көрсеткіштерді ұсынады. Жүйеге нақты сомалар мен операциялар емес, цифлық мәні беріледі.

Мәселен адамның есепшотында қанаш ақша қалды, ақшасын қайда жұмсағаны жайлы. Әрі қарай бағалау әр жеке адамға емес, отбасының барлық мүшесінің деректерін қоса есептегенде тұтас отбасы бойынша жүргізіледі, ал есептеу кезінде тиісті диапазонның төменгі шегі алынады.

Ағымдағы шоттар мен карталардағы шағын сомалар, тұрмыстық төлем, ақша аударымдары және «Отбасы банктегі» тұрғын үй жинақтары бағаға әсер етпейді. Ол жүйе оларды нөлге теңестіреді.

Жалғыз баспана мен көлігі барлар жәрдемақыдан қағыла ма?

Басындағы жлғыз баспана немесе автокөлігі әлеуметтік көмекті тоқтатуға негіз болмайды. Жүйе мүліктің бар-жоғын ғана емес, оның көлемі мен өзге де жағдайларды кешенді түрде бағалайды.

Мәселен, шығарылғанына 20 жылдан асқан көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ тозығы жеткен баспана есепке алынбайды. Салынғанына 15 жылдан асқан тұрғын үйлерге) немесе банкте кепілде тұрған жалғыз баспанаға төмендету коэффициенттері қолданылады.

Есепке тек табыс әкелетін немесе жоғары материалдық жағдайды білдіретін ірі активтер ғана алынады: бірнеше жылжымайтын мүлік, қымбат автокөліктер, коммерциялық нысандар, жұмыс істеп тұрған бизнес немесе 5 гектардан асатын ірі жер телімдері.

Сонымен қатар цифрлық карта төлеп жатқан ипотекасы мен кредит қарызын бала-шағаны асыраға кететін шығын, ата-анасы немесе мүгедек жанды бағып отырса, соның бәрін ескереді.

Қандай төлемдер өзгеріссіз сақталады?

Бұл қағидаттар мүгедектік пен асыраушысынан айырылуға байланысты берілетін базалық жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдерге әсер етпейді.

Сол сияқты жұмыс істейтін азаматтардың материалдық жағдайына қарамастан, жұмысынан айырылғанда, жүктілікке және босануға, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты қордан төленетін сақтандыру төлемдері бұрынғы тәртіппен жалғасады.

Бұған қоса 2027 жылдан бастап жас аналар өз қалауымен жұмысқа шыққан күннің өзінде қордан төленетін бала күтімі жөніндегі төлемді толық көлемде сақтап қала алады.

Жүйедегі бағалауды қолмен өзгертуге бола ма?

Министрліктің түсіндіруінше, әл-ауқатты бағалау кезінде адами фактор толықтай алынып тасталған. Отбасының мәртебесі бекітілген әдістеме бойынша автоматты түрде қалыптасып, ай сайын жаңартылып отырады.

Алгоритм дербес жұмыс істейтіндіктен, министрлік немесе әкімдік мамандары жүйедегі деректерді өзгерте алмайды.

Егер сатылып кеткен көлік немесе жеке кәсіпкерлік мәртебесі секілді ескірген мәліметтердің кесірінен есепте қателік шықса, тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау департаментінен кеңес алып, тиісті мемлекеттік органдағы деректерді жаңарту қажет.

Ал жәрдемақы алушылар қазірдің өзінде eGov Mobile қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» арқылы өз отбасының алдын ала мәртебесін тексере алады.

Бұған дейәін Қазақстандықтар «Отбасының цифрлық картасы» негізінде жаңа жылдан бастап бес санатқа бөлінетіні хабарланған. «А» және «В» санатына ауқаттылар жатады, «С» санаты – орта класс деп есептеледі, «Д» және «Е» санатына көмекке аса мұқтаж отбасылар кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз