Wildberries Қазақстанда такси қызметін қосуы мүмкін

Жарияланды 27 Қараша 2026 11:17

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock

Wildberries Қазақстанда такси қызметі қосуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Taxi.kz порталының негізін қалаушы Тимур Құдайбергенов «Бизнес-Ниндзя» YouTube-арнасындағы подкаста айтты.

Тимур Құдайбергеновтің айтуынша, WB Taxi қазірдің өзінде төрт елдің нарығында жұмыс істейді.

Соңғы бір жарым жыл ішінде, яғни 2025 жылдың шілдесінен бастап бұл қызмет Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Арменияда іске қосылған. Енді компания Қазақстан нарығына шығуға дайындалып отыр.

Нарықта қандай комапаниялар бар

Қазір елдегі такси нарығында Yandex Go мен inDrive көш бастап тұр.  Отандық қосымшаларға Aparu, Region Taxi, Tez Taxi, Tappy Taxi кіреді. Аймақтарда да шағын такси компаниялары өз қызметін ұсынады.

2026 жылдың маусымынан бастап Алматыда вьетнамдық Green SM электротакси агрегаторы жұмысын бастады.

«Яндекстің» Ресейдегі дата-орталықтарына дрон түсіп, қосымша қызметінде ақау орын алған кезде нарыққа отандық Qajet Taxi шықты. Жергілікті цифрлық карталар мен навигация сервистері Qajet такси шақыру платформасына интеграцияланады.

Оған қоса Үкімет қазақстандық осы сервиске қаржылық емес қолдау көрсетуге уәде беріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз