Қазақстанда он компанияның біреуі ғана инновацияға көңіл бөледі

Жарияланды
Құрылыс саласы көш соңында келеді

Қазақстанда  он компанияның біреуінде  ғана инновациялық белсенділік байқалады, деп хабарлайды finprom.kz.  

2020 жылы бақылауға алынған 28,1 мың компанияның 11,5 пайызы ғана (бір жыл бұрын 11,3 пайызы) нақты айтсақ,  3,2 мыңы инновациялық белсенділікті танытқан.  

«Ел аймақтары бойынша алсақ, инновациядағы белсенділік Батыс Қазақстан облысының көрсеткіші –  5,9 пайыз  бен Қостанай облысындағы 14,3 пайыз аралығында болған. Инновациясы жоғары кәсіпорындардың біразы Солтүстік Қазақстан облысы (14,1 пайыз) мен Жамбыл (13,7 пайыз) облысында орналасқан. Сала бойынша қарастырсақ, білім (59,2%), денсаулық сақтау (33,3%), сонымен қатар ғылыми зерттеу (30,6%) саласында жоғары иннвациялық бенсенділік байқалады» делінген зерттеуде. 

Салалық инновация тұрғысынан көш соңында құрылыс саласы келеді. Бұл саладағы компаниялардың 2,5 пайызында ғана инновациялық белсенділік байқалған. Қаржы және сақтандыру саласы да (6,6%), сауда және авто мен мотоцикл жөндеу (7,9%) инновациядан кенже қалып тұр.

Азық-түлік саласындағы кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 7,5 пайыздан 8,6 пайызға өскен. Осы ретте бұл саладағы кәсіпорындар саны бір жылда 1,1 пайызға кемігенін айта кеткен жөн. 
 

Сондай-ақ оқыңыз