Томирис фильміне түскен каскадерлер тобы «Таурус» сыйлығын жеңіп алды

Жарияланды
Шетелдік фильмдегі трюк қойылымы аталымында үздік деп танылды

«Томирис» фильмі Каскадерлардың әлемдік академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы NOMAD STUNTS каскадерлер тобының Facebook ресми парақшасында жазды. 

    «Таурус» біздікі! Сіздермен үлкен қуанышымызбен бөліскіміз келеді. «Томирис» Каскадерлардың әлемдік академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алды. Бұл каскадерлардың «Оскары» аталатын мәртебелі награда. Еліміздің тарихында алғаш рет қазақстандық фильм «Шетелдік фильмдегі трюк қойылымы» аталымында үздік деп танылды. Nomad Stunts-ке сенім артып, қолдау көрсеткен барлығыңызға рахмет! Ақан Сатаевқа және «Томирис» фильмінің бүкіл командасына рахмет!» – деп жазған NOMAD STUNTS каскадерлер тобының Facebook парақшасында. 

 

Сондай-ақ оқыңыз