Карантин режимін сақтамағаны үшін қостанайлықтарға 33 миллионнан астам теңге айыппұл салынды

Жарияланды
Іс-шара өткізгені, қоғамдық орындарда бетпердені кимегені үшін айыппұл салынды

Карантин режимін сақтамағаны үшін қостанайлықтарға 33 млн-нан астам теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Жыл басынан Қостанай облысының мониторингтік топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың бес жүзден астам оқиғасын анықтады. Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені құрады. Оның 6 219 876 теңгесі 130 жеке тұлғаға жаппай іс-шаралар өткізгені, қоғамдық орындарда бетпердені кимегені үшін салынды.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин режимі кезінде белгіленген талаптарды орындамаған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы да ескертеді.

 

Сондай-ақ оқыңыз