Жақында 1167 жедел жәрдем көлігі пайдалануға беріледі

Жарияланды
Күзгі кезеңге барынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Біздің министрлік күзгі кезеңге барынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

   «Елдегі ауруханалардағы төсек орындардың саны 54 178-ке жетеді. Бұл дегеніміз – қазір қолданыстағы 16 304 инфекциялық төсек орын, жаңадан салынып жатқан инфекциялық нысандағы 2790 жаңа төсек орын мен басқа стационарлардағы 32 064 төсек орын. Жан сақтау бөліміндегі төсек орындардың саны 2981-ге жеткізіледі. 2020 жылдың 9 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 19 066 инфекциялық төсек орын болса, оның 15 пайызында пациенттер жатыр», – деді министр.

Бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда өкпені жасанды желдетудің 3379 аппараты бар. Қосымша тағы 2619 аппарат сатылып алынғалы жатыр. Оның ішінде 1500 аппарат отандық компанияларда өндірілген.

2020 жылы отандық өндірістегі 1167 дана санитариялық автокөлікті сатып алу көзделіп отыр. Олардың бәрі де осы жылдың қараша айына дейін (ауруханаларға) жеткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз