Азық-түлік дүкенін өртеген ер адам ұсталды
Жарияланды
Күдікті дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келтірген
Шымкент полицейлері қала тұрғынының азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін арнайы затпен өртеп жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Өрт нәтижесінде дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келтірілді.
Осы факті бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.