Covestro AG акцияларына назар аудартатын 5 себеп
Жарияланды
Freedom Finance ұсынған инвестидея
Covestro AG (Xetrа-дағы тикері: 1COV) — жоғары технологиялық полимер материалдарын шығаратын дүние жүзіндендегі ең ірі өндірушілердің бірі. Компания сонымен қатар, өз өнімдеріне арналған қолданбалы шешімдерді әзірлеумен айналысады. Covestro AG негізгі клиенттерінің қатарында автомобиль, құрылыс, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындары бар.
Freedom Finance сарапшылары жоғары өсім әлеуеті (21,9%) мен тартымды дивиденд кірістілігінің (2,3%) арқасында Covestro акциялары инвесторларға қызық деп пайымдайды. Талдау кезіндегі акция бағасы 56,54 еуро болса, алдағы уақытта 68,92 еуроға жетуі мүмкін. Covestro AG акцияларын сатып алуға бірнеше себеп бар:
- Тұрақты өсімге құйылатын инвестицияны арттыруы. «Тұрақты болашақ» стратегиясы аясында Covestro тұйық циклді экономикаға, энергия үнемдейтін құрылыс пен электромобиль өндірушілер тарапынан өсіп келе жатқан сұранысқа арқа сүйейді. Компания басшылығы дүние жүзінде пенопластқа деген сұраныс 2025 жылға дейін жылына 6% өседі есептейді. Covestro бұл сұранысты қанағаттандыру үшін өндірістік қуатын арттыруға ниетті. Осы мақсатта 2020 жылдың басында тоқтатылған зауыт құрылысын қайта жандандыру жоспарланған.
- Энергетикалық тиімді AdiP технологиясын кеңінен пайдалану. Бұл технология бу мен СО2 қалдықтарын 40 және 35%-ға, сондай-ақ бір тонна өнім шығаруға жұмсалатын электр энергиясын 25%-ға азайта алады. АҚШ немесе Қытайда ірі өндіріс орындарын салу жолдары қарастырылып жатыр. Бұл жоспар бойынша түпкілікті шешім жобаның осы кезеңі аяқталғаннан кейін қабылданады. Зауытты іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
- 2021 қаржы жылына арналған болжамдардың жақсаруы. Жаңартылған Covestro болжамында EBITDA 2,7-3,1 млрд еуро диапазонында белгіленген, алдыңғы кезеңде 2,2-2,7 млрд көлемінде нақтыланған еді. Сондай-ақ, компания екінші жарты жылдықта маржа өседі деген үмітте.
- Жаһандық сұраныстың қалпына келуі Covestro-ның 2021 жылдың II тоқсанындағы нәтижелері, былтырғы көрсеткіштерімен салыстырғанда, айтарлықтай жақсарды. Сәуір айында DSM-ден сатып алынған полимер мен функционалды материал (RFM) өндірісінің активтері шоғырландырылды. Нәтижесінде өнім өндірісі 35% өсіп, түсім 3,9 млрд еуродан асты (+83,5%). EBITDA 817 миллион еуроға (+500%) жетті, таза пайда – 449 миллион еуро, ал еркін операциялық ақша ағыны 374 миллион еуроға жетті.
- Басшылардың оптимистік көзқарасы. Covestro қаржы директоры Томас Топфердің айтуынша, компанияның жағдайы жақсы және жабық цикл экономикасымен байланысты қойылған мақсаттарға жету үшін келер он жылда шамамен 1 миллиард еуро инвестиция қажет.