Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Жарияланды
Банк төлемдер мен ақша аударымдары бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі лицензиясынан айырды.
Tengri Bank төлемдер мен ақша аударымдары бойынша шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындамаған.
«Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің болмауы және мажоритарлық және миноритарлық акционерлер арасындағы жалғасып жатқан ішкі корпоративтік даулар қаржылық жағдайдың ушығуына алып келді», – делінген хабарламады.